23.05.2022, 17:11 9081

Жеңілдетілген автонесиелеу: 35,7 млрд теңгеге өтінім мақұлданды

Жеңілдетілген автонесиелеу: 35,7 млрд теңгеге өтінім мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАМЫР - Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғаннан бері Қазақстанда 35,7 миллиард теңге сомасына 4,8 мыңнан астам өтінім мақұлданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мәлімдегендей, бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім қабылданды, 35,7 млрд теңге сомаға 4 834 өтінім мақұлданды. 34 автокөлік берілді (Нұр-Сұлтан 11, Алматы 4, Ақтөбе облысы 3, Алматы облысы 1, БҚО 1, Жамбыл облысы 4, Павлодар облысы 4, Шымкент 6). 
 
Ибрашева бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері, азаматтардың өтініштерінің қорытындылары бойынша Екінші деңгейдегі банктерге төлеуге шот ұсыну үшін автомобильдің VIN кодының болуы бойынша талап алынып тасталғанын айтты. Сондай-ақ КАСКО сақтандыруына қатысты азаматтардан көптеген өтініштер келіп түсуде. Осыған байланысты Қор азаматтарға қаржылық жүктемені төмендету үшін қатысушы банктерге жыл сайынғы негізде сақтандыру туралы шарт жіберді. 
 
Жеңілдетілген несие беру бағдарламасының басталуы ҚР автосалондарында дүрлікпе туғызды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны