14.06.2022, 15:57 8331

Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6% құрады

Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы тұрақты серпін, қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің артуы байқалады.
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6% құрады
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР Үкіметі отырысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы тұрақты серпін, қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, экспорт көлемінің артуы байқалады", - деді ҰЭМ басшысы.

 
Нақты сектордағы өсім 4,8%-ды құрады. 
 
Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін ұлғайды. 
 
Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.
 
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ды құрады. 
 
Инвестициялар білім беруде 72%-ға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда 55%-ға, ғылыми және техникалық қызметте 36%-ға, денсаулық сақтауда 28%-ға, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 20,4%-ға, саудада 14%-ға, құрылыс саласында 10,7%-ға өсті.
 
Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында тіркелді. 
 
Осы жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 40,8%-ға өсіп, $39,7 млрд құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш шамамен 60%-ға өсіп, $26,5 млрд жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 32%-ға артып, $7,3 млрд құрады. 
 
Тауарлар импорты – $13,2 млрд. 
 
Жалпы, оң сауда балансы – $13,2 млрд.
 
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Биылғы қаңтар-мамыр айларында өндіріс көлемі 5,3%-ға өсті. 
 
16 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Қостанай, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда.
 
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,9%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 22,8%-ға, компьютер, электронды және оптика құралдарын жасау – 17,3%-ға, құрылыс материалдары – 5,2%-ға, сусындар – 18,3%-ға, пластмасса бұйымдары – 11,4%-ға, дайын металл бұйымдары – 10,2%-ға, фармацевтика өнімдері – 4,7%-ға, киім өндірісінің – 9,9%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
 
Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,3%-ға ұлғайды.
 
Салалар бөлінісінде өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 18,9%-ды, газ өндіруде – 6,3%-ды, шикі мұнай өндіруде – 4,7%-ды, көмір өндіруде – 2,2%-ды, металл кендерін өндіруде – 1,9%-ды, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 0,2%-ды құрады.
 
Қаралып отырған кезеңде құрылыс секторының өсу қарқыны жеделдеп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ға өсті.
 
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, көрсеткіштің оң өсімі 15 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Ақмола және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалуда.
 
Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 3,4%-ға өсіп, 4,7 млн шаршы метрді құрады. 
 
Оң динамика 13 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында.
 
Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,3%-ға ұлғайды. 
 
Саладағы өндірістің оң өсуі 11 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті. 
 
Ең төмен көрсеткіш – Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында.
 
7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. 
 
Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсу 6 өңірде – Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалуда.
 
6 көрсеткіш бойынша оң өсім 7 өңірде тіркелді. Олар Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны