04.05.2022, 18:06 21561

6 мамырда Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеуге 100 млрд теңге алады

6 мамырда Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесиелеуге 100 млрд теңге алады
НҰР-СҰЛТАН. 4 МАМЫР - Үкімет үйіндегі брифингте халықты жеңілдетілген автонесиелеу жұмыстары қашан басталатыны айтылды. 
 

Автонесие шарттары бекітілді. Тек бекітілгеннен кейін заң бойынша 10 күн тіркеуден өтуі керек. Біздің құжаттар толығымен 15 сәуірде бекітілген, тиісінше Экология министрлігі де құжаттарды 24 сәуірде бекітті. Бірақ тіркеуден өту секілді рәсімдер шамамен 10 күнге созылады", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

 
Министрдің айтуынша, 6 мамырға дейін қаражат Өнеркәсіпті дамыту қорына аударылады. 
 

Бұл - "Бәйтерек" қорының акционерлік қоғамы. Бәйтерек қоры, Қазақстанның өнеркәсіпті дамыту қоры өзі жұмыс істейтін банктермен шарт жасасуы тиіс. Осыдан кейін олар аталған банктердің шотына ақша аударуы керек және банктер жұмысқа кірісуі керек. Оған қанша уақыт кететінін әр банкпен жеке анықтаймыз. Әзірге бірнеше банкпен уағдаластық бар. Олармен келісім жасалды, қазір бұл жұмыс пысықталып жатыр", - деді Қ. Өскенбаев. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны