18.08.2021, 20:02 12118

7 айда қазақстандық әуе компаниялардың жолаушылар ағыны екі есе өсті

2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Биылғы 7 айда отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2 есеге артты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әуе рейстері біртіндеп қалпына келтіргеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер өсті.
 
2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96% артып, 5,1 млн адамға жетті.
 

2020 жылдың осы кезеңінде 2,6 млн адам, ал 2019 жылы 4,6 млн адам болған", - деп салыстырды ведомствода.

 
Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58% артып, 8,1 млн адам болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны