28.07.2022, 16:11 18391

Жыл басынан бері 904 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет пайдасына қайтарылды

Жыл басынан бері 904 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет пайдасына қайтарылды
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің күшімен 2022 жылдың 6 айында 904 мың га пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүргізіліп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн га алаңда 2 584 субъектіге қатысты "жаппай қауіп" шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды. 
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, 1 млн 517 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың га жерге қатысты тағы 57 материал ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр. 
 
2021 жылы 210 мың га алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді.
 

Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
Жыл соңына дейін 5 млн га-ға дейін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2021 жылы 430 мың га қайтарылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны