10.03.2021, 17:55 9134

Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй бағасы көтерілді

Абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы бір шаршы метрге 252 358 теңгені, жаңасын сату - бір шаршы метрге 322 968 теңгені құрады.

Нұр-Сұлтан. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй бағасы көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір айда (2021 жылғы ақпан 2021 жылғы қаңтарға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 3,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 1,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6% жоғары болды.

Абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату бағасы бір шаршы метрге 252 358 теңгені, жаңасын сату - бір шаршы метрге 322 968 теңгені құрады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы бір шаршы метр үшін 1 714 теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны