18.06.2021, 23:36 20125

Салық қызметкерлері шекарадағы жүктерді тексеру құқығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН. 18 МАУСЫМ - Көлік прокурорлары салық қызметкерлерінің шекарада жүктерді тексеру құқығын алып тастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бас көлік прокуратурасының наразылығы бойынша салық төлеушілерге шекарада тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін норманың күші жойылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.
 

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіргеннен кейін бес елдің шекарасындағы кедендік бақылау қысқартылғаны белгілі. ЕАЭО елдерімен шекарада "экспорттық бақылау" енгізілді, ол жүктің заңсыз орын ауыстыруына жол бермеу және салықтардың түсуін қамтамасыз етуден тұрды. Мұндай бақылаудың әрекет ету тәртібі құқықтық актілерде белгіленген. Олардың бірі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 қарашадағы №535 бұйрығы. Кедендік бақылаудың толық жойылуына қарамастан, біздің елге келген тасымалдаушылардың көпшілігі заңсыз бұйрық аясында салық қызметкерлері тарапынан, соның ішінде тауарларды уақытша сақтау қоймаларына орналастырумен тексерілді. Бұл кәсіпкерлердің көп уақытын талап етті және сөзсіз қосымша шығындарға әкелді", - деп хабарлады БКП.

 
Бірақ, Салық кодексінің 155-бабына сәйкес ЕАЭО-ның ішкі шекарасындағы экспорттық бақылау кезінде салық қызметкерлері мүлікті зерттеп-тексеруге және мүліктің тауар-көлік жүкқұжаттарындағы мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге ғана құқылы. Ал, мұндай іс-шараларды тек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде міндетті түрде тіркелген тексерулер шеңберінде ғана жүргізуге болады.
 

Басқаша айтқанда, салық қызметкерлері тексеру актісі болған жағдайда ғана тексеру жүргізуге құқылы. Жоғарыда аталған бұйрық оларға салық кодексінің осы нормасын айналып өтуге мүмкіндік берді. Бұйрықтың кәсіпкерлердің шектелмеген тобының құқықтарын бұзғанын ескере отырып, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша тексеру жүргізу нормалары а.ж. 16 маусымнан алынып тасталды", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
Салық қызметкерлерінің өткізілетін тауарларды тексеруге рұқсат беру туралы талаптары тексеру жүргізу туралы тіркелген акт болмаған кезде заңсыз болады. Мұндай тіркеуді Бизнеске арналған Qamqor қосымшасы арқылы дербес тексеруге болады. 
 

Мүдделі кәсіпкерлер тәулік бойы өз құқықтарының бұзылғаны туралы, оның ішінде, олардың пікірінше, қарама-қайшы заңнама нормалары туралы көлік прокуратурасы органдарының сенім телефондарына хабарлай алады. Бас көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобының телефондары: 8 7172 71 22 51; 8 7172 71 22 35, 8 7172 71 22 48, моб. тел. 8 705 257 81 68", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны