01.07.2021, 20:20 12198

Алматы әуежайында Орталық Азия транзиттік торабын құру жоспарлануда

Сондай-ақ тараптар әуежайдың іргелес аумағындағы бейнебақылау тиімділігі мәселелерін талқылады.
АЛМАТЫ. 1 ШІЛДЕ - Алматы әуежайының базасында Орталық Азияның көліктік транзиттік торабын құру жоспарлануда. Бұл туралы "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ Президенті Алп Ер Тунга Ерсой Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаевпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында А. Ерсой министрге жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, компанияның Алматы қаласы әуежайының базасында Орталық Азияның өңірлік көліктік транзиттік торабын құру және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа жолаушылар терминалының құрылысына қатысты жоспары туралы айтып берді.
 
Сонымен қатар ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл басым болып табылатынын атап өтті.
 
Сондай-ақ тараптар әуежайдың іргелес аумағындағы бейнебақылау тиімділігі мәселелерін талқылады.
 

Өз кезегінде, Е.Тұрғымбаев ІІМ Алматы халықаралық әуежайы басшылығының жолаушылар мен әуе ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы стратегиялық нысанда құқықтық тәртіптің тиімді жүйесін құру бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын құптайтынын білдірді", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны