02.09.2021, 17:27 7525

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады

ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін квота қыркүйекте тәулігіне 1,508 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
1 қыркүйекте ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырыста Қазақстан атынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты. Нұрлан Ноғаев кездесуге қатысушыларға жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, қабылданған шаралар әлемдік мұнай нарықтарына жағымды әсер ететінін атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарын жалғастырады.
 
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн. баррель шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
 
Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін квота қыркүйекте тәулігіне 1,508 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны