18.10.2021, 19:45 35315

Қазақстанда ет қымбаттайды

НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАЗАН - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев келесі жылдың көктемінде ет бағасының шамалы өсуін болжап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Бағаларға келетін болсақ, біз ет бағасының өсуі мүмкін деп күтеміз. Өсім шамалы болады деп үміттенеміз. Бұл шөп пен жем бағасының өсуіне байланысты. Ет тапшылығы болмайды", - деді министр ОКҚ брифингінде.

 
Ол сондай-ақ, Қазақстан 100% отандық етпен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
 

Біз шетелден етті көп мөлшерде импорттамаймыз", - деді Қарашөкеев.

 
Министр қазіргі уақытта елімізде ірі инвестициялық жобалардың айналасында жеті экожүйе қалыптасатынын еске салды. Оларға ет, жемістер, көкөністер, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кіреді.
 
Оның айтуынша, жобаларға кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын тарту жоспарлануда, олар қосылған құны жоғары түпкі қазақстандық өнімді құруға қатыса алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны