28.10.2021, 14:11 63464

Бәйтерек Холдингі Ұлттық қорды жекешелендіруден алынған 10,6 млрд теңгеге толықтырды

НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚАЗАН - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ бұрынғы еншілес ұйымы – "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ны Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бәсекелестік ортаға беруден түскен қаражаттың жіберілгені туралы хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау үшін Холдинг ҚИҚ акцияларының жүз пайызын өткізу жолымен ҚИҚ-ты бәсекелес ортаға беру жөніндегі іс-шараларды аяқтады", - деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, Холдинг активін бәсекелес ортаға беруден 2021 жылғы 27 қазанда 10 602 471 183 теңге мөлшерінде барлық қаражат Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны