05.11.2021, 19:21 82132

Қазақстанда ТІЖ бойынша пилот ұзартылды

Пилоттың мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылады.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАРАША - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімін ұзартты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, мына тауарлар бойынша пилоттың мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылады:
 
- акцизделетін өнімдер бойынша;
 
- ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан тауарларды әкелу/әкету бойынша;
 
- "Виртуалды қойма" модулі арқылы ЭШФ жазып берілуге тиіс тауарлар бойынша (ҚР ҚМ 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен бекітілген).
 
Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.
 
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электронды шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесі кеңейтіледі.
 

Енді бұл тізбеге құрылыс материалдары енгізілді. Бұл ретте, осындай тауарлар бойынша "Виртуалды қойма" модулінде ЭШФ жазып беру міндеттемесі 2022 жылдың 1 қарашасынан басталады, ал 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша алдын-ала Пилотты жүргізіледі", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны