17.11.2021, 18:43 38781

ХВҚ: Қазақстанда өндіріс көлемі пандемияға дейінгі деңгейге оралды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қазақстан бойынша миссияның басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен келіссөз барысында белгілі болды.
ХВҚ: Қазақстанда өндіріс көлемі пандемияға дейінгі деңгейге оралды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 17 ҚАРАША - Қазақстанда өндіріс көлемі пандемияға дейінгі деңгейге оралды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қазақстан бойынша миссияның басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының сарапшыларымен келіссөз барысында белгілі болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, миссия биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 3,5% деңгейінде ҚР нақты ЖІӨ өсімінің оң динамикасын және өндіріс көлемінің пандемияға дейінгі деңгейге қайтарылуын айқындады. 
 

Ресми органдардың әрекет ету шаралары халықтың табысы мен экономикалық белсенділікке тиген соққы әсерін жұмсартуда маңызды рөл атқарды. Экономикалық саясат шаралары әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуді, әлжуаз үй шаруашылықтарына ақшалай төлем беруді және аса зардап шеккен секторлар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарына атаулы көмек, оның ішінде жеңілдетілген несие мен салықтық жеңілдіктер беруді қамтыды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясындағы жобалар жұмыспен қамтуды қолдауға ықпал етті", — делінген ХВҚ миссиясының мәлімдемесінде.

 
Халықаралық валюта қоры сарапшыларының болжамдарына сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалпына келу серпінін одан әрі сақтай отырып, ҚР экономикасының өсу қарқыны 3,7%-ға жетеді. 
 
ХВҚ миссиясы Қазақстанның қаржылық қадағалауды күшейту, инфляциялық таргеттеу, салықтық және бюджеттік әкімшілендіруді цифрландыру жөніндегі шараларына, сондай-ақ 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелеріне жоғары баға берді.
 
Премьер-Министр Қазақстан пандемиядан кейінгі жаңа шынайылық жағдайында сапалы және орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшкенін атап өтті. 
 
Оны жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлік даму, кәсіпкерлік, АӨК, экология, цифрландыру, білім және ғылым, денсаулық сақтау және қоғамдық даму салаларында ұлттық жобалар әзірледі. Бұл ретте инвестиция тартудың жаңа тәсілдері әзірленіп, "жасыл" экономиканы қалыптастыру бағыты айқындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны