23.11.2021, 20:10 36831

Қазақстанда шыны, сода және керамикалық плиткалар өндірісі іске қосылады

Қазақстанда шыны, сода және керамикалық плиткалар өндірісі іске қосылады
Сурет: pe-so.ru
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚАРАША - Отандық тауарлардың ассортиментін кеңейту мақсатында Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Атамқұловтың айтуынша, 2022 жылы Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна болатын "Orda Glass LTD" табақ шыны өндірісі жобасын пайдалануға беру жоспарланған. 
 

Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігінің 98% өтейді", - деп атап өтті ИИДМ басшысы.

 
2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың қатысуымен керамикалық плиткалар шығаратын үш жаңа кәсіпорын пайдалануға беріледі. Бұл ішкі нарықта тұтынудың 90% жабуға мүмкіндік береді.
 

2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіру бойынша тағы 2 жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда", - деп толықтырды ол.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны