25.11.2021, 17:15 146425

Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін
АЛМАТЫ. 25 ҚАРАША - Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті.
 
Әкім орынбасарының айтуынша, тарифті көтеру – міндет емес, қажеттілік.
 

Тарифтерді көтеру қажет. Қазір жол ақысы 80 теңге. Біз тарифті ертең көтереміз деп отырған жоқпыз. Тарифті көтеретін болсақ, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл өте өзекті мәселе. Бұл сұраққа көктемде қоғамдық талқылаулардан кейін қайта ораламыз деп ойлаймын", - деді Серік Құсайынов.

 
Алматыда бүгінде 2 400-ден астам қоғамдық көлік жұмыс істейді. Оның ішінде 515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электробус және 1715 дизельді автобус бар. "Алматыэлектротранс" биылғы және алдағы жылдары газбен жүретін 300 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны