29.11.2021, 20:13 33996

Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау ережелерін өзгерту арқылы фермерлердің несиелік жүктемесін төмендетеді

АӨК субъектілерін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17%-дан аспайтын, қаржы институттарының берген кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау ережелерін өзгерту арқылы фермерлердің несиелік жүктемесін төмендетеді
Сурет: elevatorist.com
НҰР-СҰЛТАН. 29 ҚАРАША - Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын өзгерту фермерлердің кредит қаражаттарына қол жеткізуін кеңейтуге және кредит жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствода хабарлағандай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің желісі бойынша, АӨК субъектілерін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17%-дан аспайтын, қаржы институттарының берген кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.
 

Бұл ретте ауыл шаруашылығы техникасын, жабдығын және ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа берілген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 10%-ға, айналым қаражатын толықтыру бойынша – 7%-ға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге – 9%-ға төмендейді", - делінген министрліктің хабарламасында.

 
Субсидиялаудың жекелеген талаптарында номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-дан аспайтын "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде жасалған қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету түрінде мемлекеттік қолдау көзделген. Бұл ретте мөлшерлеме инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттер бойынша 10%-ға, айналым қаражатын толықтыруға және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттер бойынша 9%-ға төмендейді.
 
Бұрын сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тетігі АӨК субъектісін субсидиялау бағдарламасына енгізген сәттен бастап ғана субсидияны есептеуді көздеген болатын. Бұл ретте, бюджетте бос қаражат болмаған жағдайда, фермерлерді субсидиялауға ұсыныстар қабылдау тоқтатылды. Субсидиялау қағидаларының жаңа редакциясына сәйкес қаражат тапшылығына байланысты фермерлердің субсидияларды уақтылы алмау проблемасын шешу үшін резерв (күту парағы) енгізіледі.
 

Егер ағымдағы қаржы жылында бюджет қаражаты болмаған жағдайда, қаржы институттарының фермерлердің сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға ұсыныстары резервке түсетін болады және қосымша бюджет қаражатын бөлу фактісі бойынша төленеді. Бұл ретте резервке ұсыныстардың түсу кезектілігі күні мен уақыты бойынша субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде белгіленеді, бұл одан әрі субсидияларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады министрлікте.

 
Бұдан басқа, Қағидалардың жаңартылған редакциясы субсидиялауға ұсыныс берілген жылы жасалған қарыз шарттары бойынша субсидияны есептеу кредит берілген немесе лизинг нысанасы берілген кезден бастап жүзеге асырылатындығын көздейді. Бұл ретте, ұсыныс берілген күні қолданыстағы және ұсыныс берілгенге дейін 4 жылдан ерте емес жасалған қарыз шарттары бойынша субсидияны есептеу ұсыныс берілген жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
 
Сонымен қатар, фермерлерді мемлекеттік қолдаумен көбірек қамту мақсатында субсидиялау қағидаларында нормалар көзделген, оған сәйкес 2021 жылы субсидиялау бағдарламасына енгізілген қарыз шарттары бойынша субсидиялар көлемдерін субсидияны есептеу бөлігінде қайта есептеу 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе кредит беру/лизинг нысанасын беру кезінен бастап жүзеге асырылады.
 
Сондай-ақ, ережеге өзгерістер Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде Қазақстанның Даму Банкі мен Аграрлық кредиттік корпорация берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды көздейді.
 
Жоғарыда көрсетілген жаңалықтар 2021 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
 
 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2018 жылғы 26 қазандағы №436 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ағымдағы жылғы 19 қарашадағы № 336 бұйрығы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің порталында ағымдағы жылғы 23 қарашада болып тіркелген және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны