20.01.2022, 17:23 23156

Қазақстанда ақпан айының соңына дейін кәдеге жаратудың жаңа ставкалары бекітіледі

Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде.
Қазақстанда ақпан айының соңына дейін кәдеге жаратудың жаңа ставкалары бекітіледі
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚАҢТАР - ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетін болады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде", - деп атап өтті ведомствода.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. "Жасыл даму" АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.
 
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы" ЖШС кәдеге жарату алымын тоқтату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны