Алматыда "үй жанындағы" дүкендердегі баға үстемелері бойынша мониторинг жүргізіледі
Өзінің орынбасары М.С. Қиқымовқа, кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдеріне 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау бойынша құқық бұзушыларды анықтап, олардың деректерін шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберуді тапсырамын. Жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдап, күн сайын осы мониторингті жүргізу қажет", - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.
Ол, келіп түскен ақпарат бойынша, "үй жанындағы" дүкендерде бағаның негізсіз өсу фактілері бар екенін айтты.
Осындай қиын кезеңде алыпсатарлыққа қатысты қатаң шаралар қабылдау қажет. Әрбір жағдай бойынша талдау жасап, шекті бағаны енгіземіз", - деді әкім.
Ол өткен аптадан бастап "үй жанындағы" дүкендерге тауарлар жеткізуге келісімшарттар жасалғанын хабарлады.
Өндірушілерден тікелей 67 тонна өнім (нан, жұмыртқа, бакалея, күріш, қант және күнбағыс майын қоса алғанда) жеткізілді", - деді спикер.
Сонымен қатар, "Алматынан" ЖШС-мен нанның босату бағасын 85 тг/бөлке деңгейінде белгілеу, 1,8 мың тонна күнбағыс майын 585 тг/шөлмекке және 700 тонна қарақұмық жармасын 500 тг/кг ("Стандарт Продактс" ЖШС) қаланың сауда желілеріне жеткізу бойынша меморандумдар жасалды.
Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар облыстарынан көкөністерді тікелей жеткізу ұйымдастырылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар Басқармасы сауда желілеріне "айналым" жеңілдікті қарыздарын бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Бөлінген қаражат есебінен "Магнум" желісінде ӘМАТ-тың барлық 19 атауы төмендетілген бағамен және "Тоймарт" желісінде 12 ӘМАТ (ұн, нан, рожки, күріш, тауық еті, айран, сүзбе, сары май, тұз, күнбағыс майы, картоп, пияз) сатылуда. Орташа алғанда, екі желіде көкөністердің (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) бағасы нарықтық бағадан 30-50%-ға төмен, ет өнімдері (сиыр еті, тауық еті, жұмыртқа) 10-15%-ға, азық-түлік 10-30%-ға төмен", - деді Сағынтаев.
Ол сондай-ақ қалалық базарлардағы әлеуметтік дүкендердің жұмысы туралы еске салды.
7 азық-түлік базарында (Көк базар, "Ақбұлақ" (көтерме сауда), "Сары-Арқа", "Тастақ", "Таусамалы", "Алматы-1", "Түрксіб" жәрмеңкесі) көкөніс және бакалея өнімдері базар бағасынан 1,5-2 есе төмен бағамен сатылады", - деді әкім.
Бұдан басқа, "Ет дүкендері" 5 базарда іске қосылды ("Жұлдыз", "Орбита", "Таусамалы", "Арыстан" және "Тастақ"), онда сиыр еті 2050 тг/кг (нарықтық бағадан 20% төмен) сатылады. Павлодар (барлығы 6,5 мың тонна картоп пен сәбіз), Алматы (250 тонна қырыққабат) және Жамбыл облыстарынан (1,5 мың тонна пияз) көкөністерді тікелей жеткізу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Сағынтаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Алматы индустриялық аймағының аумағында өндірушілер мен бөлшек сауда арасындағы байланыстарды қысқарту үшін қажетті инфрақұрылым құруға мүмкіндік беретін тарату орталығының құрылысын жобалау жүргізілуде. Ағымдағы жылы ЖСҚ әзірлеуді аяқтау және тарату орталығының құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.