31.01.2022, 16:21 13866

ҚазТрансОйл басшысының екі орынбасары өз қызметінен кетті

ҚазТрансОйл басшысының екі орынбасары өз қызметінен кетті
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 31 ҚАҢТАР - "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының екі орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасап.
 

"ҚазТрансОйл" АҚ Басқармасының құрамы өзгерді", - делінген Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған хабарламада.

 
Ақпаратқа сәйкес, акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) KASE Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 28 қаңтарындағы шешімімен Басқарма құрамынан төмендегілер шығарылғанын хабарлады:
 
- Сейсекенов Ч.М. – бас директордың орынбасары;
 
- Мұхамед-Рахим Д.Н. – бас директордың орынбасары.
 

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазТрансОйл" АҚ Басқармасы алты адамнан тұрады: Арынов С.А., Мендыбаев Е., Танатаров А.Б., Махин Ж.Т., Адилова Ш.Б., Исаков Ж.А.", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны