07.02.2022, 16:55 12691

Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру функциясы eGov.kz-те пайда болды

Қызмет заңды және жеке тұлғаларға қолжетімді әрі тегін көрсетіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - Кәсіпкерліктегі жарғылық капитал үлесінің иелері egov.kz электронды үкімет порталында өз үлесін сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы nitec.kz сайты хабарлады.
 
Жаңа қызметті egov.kz порталында онлайн алу ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және ҚР Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру арқылы жүзеге асырылып отыр. 
 
Қызмет заңды және жеке тұлғаларға қолжетімді әрі тегін көрсетіледі. Енді құрылтайшының (жеке тұлғаның) жарғылық капиталдағы үлестерін сенімгерлік басқаруға беру, үлесті басқаруға беру мерзімін өзгерту және сенімгерлік басқаруға беруді қайтарып алу мүмкіндігі бар. 
 

Жаңа қызметтің ыңғайлылығы – үйден шықпай-ақ заңды тұлғаның үлесін онлайн басқаруға беруге болатыны. Біз мемлекеттік органмен бірлесіп қызмет алу уақытын қысқарту аясында жұмыс істеп жатырмыз. ҚР ЦДИАӨМ бірлескен жұмыстың арқасында цифрлық трансформация азаматтар үшін де, кәсіп үшін де көптеген бизнес-процестерді жеңілдетеді және жақсартады", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин. 

 
 "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасының мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметтер тізімінде қазір 700-ге жуық қызмет пен сервис қолжетімді. Өткен жылы электронды үкімет порталында қызметтердің 92%-ы автоматтандырылды. Egov.kz порталының көмегімен азаматтарға шамамен 50 миллион қызмет көрсетілген, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 6 миллионға көп.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны