27.12.2024, 17:14 21331

Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды

Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды
Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.

Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен ашылған оңалту орталығында "Астана Опера" қызметкерлері ұзақ уақытқа созылатын қажырлы еңбектен кейін денсаулықтарын қалпына келтіре алады.


Бұл - балет әртістерінің, оркестр мүшелерінің, Орталық Азиядағы ең ірі театр қызметкерлерінің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау үшін маңызды қадам. Орталықта кәсіби көмек қолжетімді болып, маңызды мәселе шешіледі", - деді "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов орталықтың ашылу рәсімінде.


Жыл сайын профилактика және оңалту бағдарламасы бойынша 600 адамға, атап айтқанда, балет әртістері, оркестр мүшелері және "Астана Опера" театрының өндірістік цех қызметкерлеріне қызмет көрсетіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны