27.12.2024, 17:10 22191

Мас жүргізуші - қылмыскер!

Мас жүргізуші - қылмыскер!
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен сотталғандардың қайталанатын қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында сотта бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған сотталғандардың қатысуымен үлгі ретінде ашық сот отырысы өтті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілікпен қатар мас күйінде көлік жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол бергені үшін көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Оқиғаларды талдау жүргізушілердің заңсыз әрекеттері қасақана жасалғанын көрсетті.

Алдын алу шаралары мен ескертулерге қарамастан, жүргізушілердің заңсыз әрекеттері толастамай тұр.

Биылғы жылы 163 жүргізуші сотталды, олар көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы сот шешіміне қарамастан, масаң күйінде қайтадан көлікті басқарған.

Мысалы, азамат "З" масаң күйінде көлік жүргізгені үшін алынбаған және өтелмеген соттылық кезінде мас күйінде көлікті қайтадан жүргізген.

Айыптау үкіміне мемлекеттік айыптаушының принципиалды ұстанымы және сотталушының кінәсі туралы сотқа ұсынған бұлтартпас дәлелдері ықпал етті.

Сот оны кінәлі деп тауып, басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді белгіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны