17.02.2022, 17:35 27606

Кеншілерге салық салу, капиталды шығару: заң жобасына тұжырымдама жасалды

Кеншілерге салық салу, капиталды шығару: заң жобасына тұжырымдама жасалды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 17 АҚПАН - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасына тұжырымдама жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында бірқатар тапсырма берді, оның ішінде тау-кен секторынан бюджетке қосымша түсімдер мәселесін пысықтауға, жаңа кен орындарын барлау және игеру үшін жеңілдіктер беруге, сондай-ақ жекелеген қаржы-өнеркәсіптік топтардың капиталын шетелге шығару тәуекеліне, оның ішінде жалған мәмілелер жасасу арқылы шығаруға қатысты", - деп заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесінде айтылған.

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 12 қаңтарында отандық бизнес өкілдерімен кездесуде мемлекет өзінің барлық инвестициялық міндеттемелерін мүлтіксіз орындайтынын айтты. Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершілік ретінде өз қаражатын елге қайта инвестициялау қажеттілігі туралы атап өтілді.
 

Бұл ретте жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілетін болады – капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ қаржының оффшорға жылыстауына тосқауыл қою", - деп құжатта айтылған.

 
Сонымен қатар, 2022 жылғы 21 қаңтарда отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдетуге, әділ және теңгерімді салық салуға, бизнестің "көлеңкеден" шығуын ынталандыруға, жер қойнауын пайдаланудан қайтарымды арттыруға, тиімсіз жеңілдіктер мен преференцияларды алып тастауға бағытталған ашық әрі түсінікті жаңа салық саясатын әзірлеуді тапсырды.
 

Көрсетілген тапсырмаларды іске асыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға, капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасасу арқылы шығару тәуекелін азайтуға, өндірісті дамытуға қаражатты қайта инвестициялауға, жаңа кен орындарын игеру үшін ынталандыру шараларын көрсетуге, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге мүмкіндік береді", - деп негіздемеде айтылған.

 
Заң жобасын қабылдау мақсаттары:
 
  • тау-кен секторына салынатын салық жүктемесін қайта қарау;

  • рентабельділік деңгейіне байланыстыра отырып, жаңа кен орындары үшін ПҚӨС-тен босату;
 
  • дивидендтер бойынша жеңілдіктерді жою және оларға салық салу. Капиталды шығару тәуекелін азайту мақсатында бірыңғай ставканы белгілей отырып, дивидендтерді салық салудан босату бойынша жеңілдіктерді жою, сондай-ақ үлестес тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер (басқару, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заң қызметтері және т.б.) бойынша шегерімдерді шектеу ұсынылады.
 
  • үлестес тұлғалар көрсеткен нематариалдық қызметтер бойынша шегерімдерді қолдануды шектеу;

  • "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорымен байланысты өзара қатынастар бойынша салық салу мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу;

  • цифрлық майнингке салық салу;
 

Криптовалюталарды өндіруден қаржылық қайтарымды күшейту мақсатында тау-кен өндіру үшін төлем мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады", - деп тұжырымдамада айтылған.

 
  • Төтенше жағдай кезінде келтірілген залалды өтеу кезінде салық салу мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу. Кәсіпкерлерде салық төлеу міндетінің туындауын болдырмау мақсатында төтенше жағдай кезеңінде келтірілген залалды өтеу кезінде салық салу мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды көздеу ұсынылады.

  • Геостационарлық емес спутниктерді қолданумен спутниктік байланысты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын енгізу. Салық кодексінде ГСО қолданумен спутниктік байланыс үшін төлем мөлшерлемесін қарастыру ұсынылады, бұл бюджетке қосымша түсімдерді тартуға, сондай-ақ елдегі МГСО дамыту үшін экономикалық ынталандыруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  • ЕАЭО елдерінің өзара саудасы шеңберінде тауарлардың өткізілуіне бақылауды күшейту. Көлеңкелі тауар айналымын қысқарту, жүк тасымалдарының ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бұзушылықтарды жедел анықтау мақсатында ЕАЭО елдерінің өзара саудасы шеңберінде тауарларды өткізетін жүк автокөлік құралдарын дербес тоқтату бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына өкілеттіктер беру ұсынылады.

  • Бақыланатын шетелдік компаниялардың пайдасына салық салу.
 

Алайда, салық салудың көрсетілген тәсілі белгілі бір елдерде тіркелген компанияларға қолданылмайды (Салық кодексінде 41 елдің тізімі айқындалған: Нидерланды, Сингапур, Швейцария, Ұлыбритания және т.б.), өйткені осы елдерде табыс салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасына жақын немесе одан жоғары. Сонымен қатар, бұл елдерде салық салудан бірқатар босатулар бар, бұл осы елдерге пайда әкелді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында салық салуды ұлғайту мақсатында аталған елдер тізімін алып тастау, сондай-ақ шет мемлекеттердің салық заңнамаларында белгіленген ставкалардың мөлшеріне қарамастан тиімді салық жүктемесі төмен болған кезде (қаржылық пайдаға төленген салықтардың сомасы) қазақстандық резиденттердің шетелдік компанияларына салық салу ұсынылады", - деп түсіндіріледі құжатта.

 
  • Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар тізбесін кеңейту.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны