Таратылатын банктер салымшыларының кепілдік төлемдерін алу мерзімі 1 мамырда аяқталады
Бұл "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ салымшылары.
Бұл "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Эксимбанк Қазақстан" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ салымшылары.
2022 жылдың 15 сәуіріне қарай Қазақстанда барлығы 9 банкте тарату үдерісі жүріп жатыр. Олардың салымшыларына кепілдік берілген өтем сомасының 98%-дан астамы төленген. Бұл шамамен 113,1 млрд теңгені құрайды.
"Capital Bank Kazakhstan" АҚ лицензиясынан кейінірек айырылғандықтан, оның салымшыларының кепілдік берілген өтемді соңғы күнін қоса алғанда биылғы жылдың 3 шілдесіне дейін алуға мүмкіндіктері бар.
Өтем алуға өтінішті дәстүрлі тәсілмен де Төлемдердің электрондық порталы (ТЭП) арқылы онлайн түрінде де беруге болады. Онда төленуге қолжетімді соманы тексеруге және өтініштің орындалу барысын қадағалауға болады. Сонымен қатар салымшылар лицензиясынан айырылған банктің салымшыларына өтем төлеуге тағайындалған агент банктер арқылы да өтініш бере алады. Кепілдік берілген өтемді төлейтін агент банктердің бөлімшелері туралы ақпаратпен олардың сайттары арқылы танысып шығуға болады", - деп хабарлады ведомстводан.
Төлем мерзімі аяқталған соң, талап етілмеген өтем сомалары салымшылардың БЖЗҚ-да ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына аударылады. Бұл шараны Қор "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" ҚР Заңына сәйкес күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады. Осылайша таратылатын сегіз банктің клиенттері өтем ақшаларының БЖЗҚ-ға аударылуын ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін, ал "Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшылары 2 тамызға дейін күте алады.
Төлем мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алған салымшы жазбаша өтінішпен Қорға тікелей жүгінеді. Өтінішпен бірге дәлелді себептерді растайтын құжаттар да қоса беріледі. Дәлелді себептерге: әскери қызметке орналасу, депозитордың шетелде, бас бостандығынан айыру орындарында болуы, салымшының мұрасын қабылдау және мұраны ашу және алуға қатысты өзге де себептер, сондай-ақ сот анықтаған басқа да мән-жайлар жатады", - деп түсіндірді ҚДКБҚ.
БЖЗҚ мамандары өз кезегінде таратылатын банктердің салымшыларының талап етпеген өтем сомалары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасында көзделген тәртіппен салымшылардың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарына (бұдан әрі - ЖЗШ) аударылатындығын атап өтті.
Талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы БЖЗҚ-ға салымшының дербес деректері БЖЗҚ-дағы деректермен сәйкес келгенде және салымшының жеке басын куәландыратын құжаты бар болған жағдайда аударылады. Сондай-ақ салымшыда міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған, зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ бар болуы қажет.
Бірақ бұл үшін салымшыларға БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ – егер барлық талаптар сәйкес келетін болса, өтем сомасы БЖЗҚ-ға автоматты түрде аударылады.
Бұдан басқа БЖЗҚ мамандары ЖЗШ-ға есептелген өтем сомаларының басқа зейнетақы активтері секілді инвестицияланатындығын мәлімдеді. Яғни бұл сома салымшыға (алушыға) инвестициялық табыс әкелетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.