16.05.2022, 16:45 11186

Жеңілдетілген несие беру бағдарламасының басталуы ҚР автосалондарында дүрлікпе тудырды

Бағдарламаның басталған алғашқы күнінен бастап Нұр-Сұлтандағы көлік салондарының алдына кезек толып, дүрлігу басталып кетті.
Жеңілдетілген несие беру бағдарламасының басталуы ҚР автосалондарында дүрлікпе тудырды
Сурет: Бейнеден кадр
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАМЫР - Бүгін, 16 мамырдан бастап Қазақстанда 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның басталған алғашқы күнінен бастап Нұр-Сұлтандағы көлік салондарының алдына кезек толып, дүрлігу басталып кетті.
 

Нұр-Сұлтандағы көлік салондарында не болып жатқанын қараңыз. Адамдар көшеде кезекте тұр, ал ішке 10 адамнан артық кіргізіп жатқан жоқ", – деп жазады Atameken Business арнасы.

 
Арнаның мәліметінше, автосалондарда көлік жоқ. Мәселен, Hyundai автосалондары жаңа көліктердің 3-4 айдан кейін келетінін айтқан. Банктердің несие алу үшін көмектесетін менеджерлері жоқ. Сатып алушыларға жаңа көліктер каталогын ғана көрсетіп жатыр. Алайда ол көліктер болашақта өз бағасын сақтап қалады ма деген сұраққа да ешкім нақты жауап бере алмайды. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу шарттары бекітілді.

Енді ел тұрғындарының 4 пайыз несиеге бастапқы жарнасыз отандық өндіріс машинасын сатып алу мүмкіндігі бар. Автонесие 7 жылға дейінгі мерзімге 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға беріледі. Бұл мақсатқа Үкімет 100 миллиард теңге бөлді.
 
Ақпарат көзі: stan.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны