26.05.2022, 18:25 19006

Тоқаев ресейлік кәсіпкерлер үшін қолайлы режим құруды тапсырды

Тоқаев ресейлік кәсіпкерлер үшін қолайлы режим құруды тапсырды
Сурет: telegram/Борт№1
БІШКЕК. 26 МАМЫР - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында орналасқан ресейлік кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берді.
 

Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығы сәтті жұмыс істеп жатыр. Бұл орталық ағылшын құқығын басшылыққа алады. "Астана" халықаралық қаржы орталығына ресейлік және өзге де компаниялар тарапынан қызығушылық басым", - деді ол Бішкекте өтіп жатқан форум барысында.

 
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында 200-ден астам ресейлік бизнесмендер орналасты.
 

Мен тиісті ведомство өкілдеріне ресейлік кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма бердім. Оларға миграциялық режим және өзге де мәселелер бойынша тиісті көмек көрсетіледі", - деді ол.

 
Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен келіп, республика басшысы Садыр Жапаровпен келіссөздер жүргізген болатын. Екі ел Президенттерінің кездесуінің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ, Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумның отырысына қатысты.

Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны