30.09.2022, 15:32 18441

Абай облысында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

Президент тау-кен өнеркәсібін дамыту өңірдің экономикасын жандандыруға мүмкіндік беретініне сенімді.
СЕМЕЙ. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуінде Абай облысында ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын бастау қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өңірдің жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар табылады", - деп болжайды Мемлекет басшысы.

 
Президент тау-кен өнеркәсібі облыс экономикасын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретініне сенімді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде мәдени-танымдық туризмді дамыту мәселесіне де тоқталды. 
 

Теңізге шығатын жолы жоқ ең үлкен мемлекет Қазақстан үшін Жердің континенттік полюсінің біздің территорияда орналасуының символдық мәні бар", - деп атап өтті ол.

 
Президент бұл нүкте Абай ауданында, Жидебайда Абайдың мұражай-үйінің жанында орналасқанын атап өтті.
 

Бұл біздің халқымыз үшін қасиетті орын және осыған ұқсас географиялық құбылыс тек ішкі туристер үшін ғана емес, шетелдік туристер үшін де тартымды болатынына сенімдімін", - деді Тоқаев.

 
Ол еліміздің тарихи орталықтарының бірі ретінде Семей мәдени игілікке ұқыпты қараудың үлгісі болуға тиіс екендігіне назар аударды.
 

Облыс құрылғаннан кейін қала белсенді дамитын болады", - деді Президент.

 
Облыстың туристік әлеуетін нығайтудың негізгі шарттарының бірі – инфрақұрылымды дамыту.
 

Ең алдымен жол мәселесін шешу керек. Туристер үшін тартымды жерлерге кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ мәдени нысандардың коммуналды желілерге қатысты мәселелерін шешу қажет. Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыруға ерекше назар аудару керек. Семей қаласының жаңа мәртебесін ескере отырып, оны дамытудың бас жоспарын жаңарту қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны