17.11.2022, 12:10 16051

Қазақстанда кәдеге жарату алымы төленетін тауарлардың тізбесі бекітілген

Қазақстанда кәдеге жарату алымы төленетін тауарлардың тізбесі бекітілген
Сурет: Depositphotos
Астана. 17 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "Тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өндіретін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды.
 
Кәдеге жарату алымын төлеуге жататын тауарлардың тізбесіне мыналар кірді:
 
  • темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамынан басқа, жерүсті көлігі құралдары және олардың бөліктері мен керек-жарақтары гуманитарлық көмек шеңберінде ұсынылатын көлік техникасын қоспағанда;

  • каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар;
 
  • электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда;
 
  • битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық маc. % мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады;
 
  • өзге де химия өнімдері;

  • полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалар, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама;

  • пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар;

  • иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған, құрамында жарнама материалы бар немесе жоқ газеттер, журналдар мен өзге де мерзімді басылымдар және басқалар;

  • қолдан жасалған, жылтырлатылмаған, хат жазу, баспа немесе басқа да графикалық мақсаттарда пайдаланатын қағаз және картон;

  • бастапқы элементтер және бастапқы батареялар және басқалар.
 
Тізімде барлығы 20 бөлім бар. Олардың толық тізімімен мына жерден танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны