15.03.2023, 14:02 22691

Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті
Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Кейінгі күндері доллар бағамы күрт өсті. Бүгін ақша айырбастау орындарында америкалық валюта бағамы 470 теңгеге дейін көтерілді.

kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, бүгін доллардың ресми бағамы 458,22 теңге болып белгіленген.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында бір долларды 466 теңгеге сатып алуға болады, ал сату 470 теңгеге жеткен. Еуро да қымбаттап барады. Бүгінде жеке ақша алмастырғыштардағы сатылым 505 теңгеге жетеді. Қазақстанда басқа валюталармен бірге рубль де қымбаттады. Қазірдің өзінде 6,2 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларға қатысты жағдай біршама жақсырақ, орташа есеппен сатып алу 469 теңге деңгейінде. Америкалық валютаны арзанырақ - орташа есеппен 464-465 теңгеге сатуға болады.

Бірақ Алматыда еуро қымбатырақ сатылып жатыр, оның бағасы 506 теңгеге дейін көтерілген.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында теңге 3,2%-ға нығайды. Наурыз айының басында Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін күтетіндерін айтты.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны