10.04.2023, 10:15 21926

Қарашөкеев субсидиялар алу кезінде шаруалардың өңделетін жер көлемі туралы деректерді асыра бағалағаны туралы мәлімдеді

АШМ басшысы ЕГИСС (СБМАЖ) жұмысының кейбір тұстарын түсіндірді
Қарашөкеев субсидиялар алу кезінде шаруалардың өңделетін жер көлемі туралы деректерді асыра бағалағаны туралы мәлімдеді
Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ЕГИСС (АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі) жүйесінің жұмысы бойынша кейбір түсініктемелер беріп, ескі Qoldau жүйесінде анықталған проблемаларға тоқталды.

Бұл жерде норматив пен субсидия сомасы артық көрсетілгенін байқау қиын емес. Мәселен, фермердің шын мәнінде 500 гектар жері болғанмен, ескі жүйе арқылы қолмен 1000 гектар деп көрсетіп, яғни, субсидияны өзіне тиесілі мөлшерден артық алып алуы мүмкін", - деп түсіндірді Қарашөкеев өзінің Facebook парақшасында.


Сондай-ақ, оның айтуынша, "Qoldau" жүйесінде кездесетін тағы бір өрескел заң бұзушылық - фермер қолмен енгізген егістік карталарындағы жерлер іс жүзінде тіпті игерілмеген. Яғни субсидияны пайдаланып алған тұқым, тыңайтқыш, пестицидтар көрсетілген егіс алқабына қолданылмаған.

Мұның бәрі әрине агроөнеркәсіп кешеніндегі барлық көрсеткіштерден көрініс табады. Бөлінген қаржы көп, бірақ құмға сіңген су сияқты", - деді министр.


Министр айтқандай, процесті ретке келтіру қажет және министрлік қай жерде, кімге, қандай мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатқанын анық біліп отыруы керек.

Оның айтуынша, Қаржы министрлігімен бірлесіп, электронды шот-фактураларды бұғаттау үшін енгізген жүйе біраз былықтың бетін ашты.

Енді электрондық шот-фактурамен өтініш беру үшін оны сатушымен бұғаттау керек. Осылайша, субсидия алғаннан кейін кері қайтарып алу қаупі толығымен алынып тасталады, деп түсіндірді ол.

Егер бұрын шаруа бір ғана шот-фактурамен мемлекеттік қолдауға бірнеше рет өтініш бере алған болса, енді Gosagro жүйесінде ондай қулық жүрмейді. Qoldau жүйесінен осындай да фактілер анықталды", - деді Қарашөкеев.


Сонымен қатар, министрдің айтуынша, тыңайтқыш алуға субсидия беру мәселесі талқыланып жатыр. Барлық облыстың фермерлері өтініш бере алмай отырғаны айтылуда. Бірақ мұнда бәрі ережелерге сәйкес және ол бәрімізге белгілі. Тыңайтқыштарды субсидиялаудың, пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) субсидия беру тізбесі мен нормалары жергілікті атқарушы органның, яғни жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітіледі.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда бұл нормаларды тек 7 облыс қана бекітті. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Жетісу облыстары бойынша ғана өтінім түсіп жатыр. Сондай-ақ, нормативтерді бекітпеген облыстардың Ауыл шаруашылығы басқармаларының кейбір мамандары тыңайтқышқа өтінім беру мүмкіндігін жоқтығы туралы шаруалар мен журналистердің сұрағына жауап бергенде мәселені порталға қарай сілтей салады екен. Шын мәнінде Gosagro.kz порталы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Басқармалар нормативті әлі бекітпегенін мойындағанның орнына барлық айыпты жүйеге және министрлікке жаба салуды жөн көреді", - деп түсіндірді Қарашөкеев.


Еске салайық, Қазақстанда дала жұмыстарына арналған дизель отынын ЕГИСС (СБМАЖ) арқылы электронды таратуды енгізуді жоспарлап отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны