01.03.2024, 15:23 60516

Ақпан айында Қазақстанда инфляция 9,3% құрады

Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы 9,3% құрады

2024 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,1% құрады (қаңтарда – 0,8%), деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросынан.  

ТБИ құрылымындағы өсім:
ақылы қызметтер – 1,7%
азық-түлік тауарлары-0,8%
азық-түлік емес тауарлар-0,7%

Өңірлердің бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында тіркелді – 1,9% (орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары), ең төмені – Абай және Алматы облыстарында, әрқайсысында 0,5%.

Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы 9,3% құрады.

ТБИ құрылымында бағаның көтерілуі:
ақылы қызметтер – 12,8%
азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%
азық-түлік тауарлары – 7,4%

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны