12.04.2021, 19:50 11980

Қаңтар-наурызда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,6% - ға төмендеді

Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылғы қаңтар-ақпандағы минус 2,9%-дан қаңтар-наурызда минус 1,6%-ға дейін жақсарды.
НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - 2021 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,6% - ға төмендеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысы барысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалуда. Кен өндірісі өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсу 7,9%-ға дейін жеделдеді, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 34% деңгейде өсті. Жылдық инфляция 7%-ға дейін баяулады", - деді ол.

 
Нақты сектордың көп салалары тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс (13,1%-ға өсу), сумен жабдықтау (8,6%-ға), өңдеу өнеркәсібі (7,5%-ға), электрмен жабдықтау (4,9%-ға) және ауыл шаруашылығы (2,8%-ға) салалары. Сонымен қатар ақпарат пен байланыс саласында 9,9%-ға өсім байқалды.
 
Соның нәтижесінде, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылғы қаңтар-ақпандағы минус 2,9%-дан қаңтар-наурызда минус 1,6%-ға дейін жақсарды.
 
Өңдеу өнеркәсібі салаларында өсу қарқынының жеделдеуі байқалады. Серпінді өсу машина жасауда 21,8%-ға, оның ішінде автомобиль құрастыруда – 20,7%-ға белгіленген. 
 
Құрылыс материалдары өндірісі 30,1%-ға, химиялық өнімдер өндірісі 14,2%-ға, пластмасса өнімдері өндірісі 22,3%-ға, киім өндірісі 25,8%-ға, жиһаз өндірісі 19,2%-ға, фармацевтика 9,1%-ға өсті. 
 
Өңдеу өнеркәсібінде өсудің жоғарылау үрдісі сақталып отыр. Өсім 7,5%-ды құрады.
 
13 өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім бетон, тазартылған алтын және теміржол локомотивтері өндірісінің өсуі есебінен Нұр-Сұлтан қаласында; металл конструкциялар, автобустар мен бетон өндірісінің өсуі есебінен Алматы қаласында; темекі өнімдері мен аккумуляторлар өндірісінің өсуі есебінен Алматы облысында байқалады. 
 
Өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде байқалып отыр: бензин, керосин және мазут өндірісінің қысқаруы салдарынан Атырау облысында, болат құбырлар мен профильдер, бензин мен дизель отыны өндірісінің төмендеуі салдарынан Батыс Қазақстан облысында, мақта және табиғи уран өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысында байқалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны