22.12.2021, 18:23 47651

АЭС Алматы облысында салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. 22 ЖЕЛТОҚСАН - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен ауылы АЭС салуға барынша қолайлы екенін айтты.
 

Үлкен ауылы ұлттық электр желісінің топографиясы жағынан ең қолайлы учаске. 500 киловольттық жеткілікті тармақталған желі мүмкіндігі бар, Юг-ГРЕСС 500 негізгі қосалқы станциясы бар. Бұл учаскеде "Солтүстік-Оңтүстік" электр қуатын, электр энергиясын Орталық Қазақстан - Қарағандыға қайта бөлу, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне Солтүстік-Оңтүстік транзитімен қайта бөлу мүмкіндігі бар", - деді Сәтқалиев.

 
Оның айтуынша, көміртегі бейтараптығына қолжеткізу мақсатында бұл жерде газ инфрақұрылымының жоқтығын ескере отырып, ең оңтайлы шешім Атом электр станциясын салу болмақ.
 

Бұл мәселе концептуалды деңгейде қарастырылады. Отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша тиісті шешім дайындалып жатыр, онда мұнай-газ саласының дамуы жан-жақты қарастырылатын, сондай-ақ мұнай-газ саласын дамыту көмір өнеркәсібін, жылу-энергетиканы дамытуды жоспарлап отыр. Жақын арада Үкіметтің белгілі бір ұстанымдары жарияланады деп ойлаймын", - деп қосты қор басшысы.

 
Ол қазірдің өзінде атом электр станцияларына арналған құрал-жабдықтарды өндірушілерден бірнеше ұсыныстар бар екенін қосты.
 

Ресейден, Қытайдан, Франциядан ұсыныстар, америкалық жабдық өндірушілерден екі ұсыныс бар. Шешім қабылдау кезінде қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігі, салынған ядролық реакторларды пайдаланудың осындай озық тәжірибелерінің саны, құны, Қазақстанда жанар-жағармайды оқшаулау мүмкіндігі мәселесі ескерілетін болады", - деп қосты Сәтқалиев.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны