13.04.2023, 11:10 39806

Қала жалға алған автотұрақтар "Алматы паркингіне" беріледі - Досаев

Қала жалға алған автотұрақтар "Алматы паркингіне" беріледі - Досаев
Жиналған қаражат Алматы бюджетіне түсіп отырады

Алматы. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда қала атынан жалға алынған автотұрақтар "Алматы паркингіне" беріледі. Бұл туралы Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде шаһар басшысы Ерболат Досаев айтты.

Аудан тұрғыны "Жетісу-2" шағынауданындағы 16 және 19-үйлердің арасында орналасқан автотұраққа қатысты сұрақ қойды.

Оған 10 жылдан астам уақыт болды және ол жерде тәртіпсіздік болып жатыр. Біз меншік иесінің кім екенін білмейміз. Келісімшарттар да, фискалдық чектер де жоқ, бізге ештеңе ұсынбайды. Бірақ, біз ай сайын ақша төлеп отырмыз. Ол жер жеке меншікте", - деді қала тұрғыны.


Алматы әкімі Ерболат Досаев аталған мәселе бойынша қандай шара қабылданатынын айтты.

Біз енді қала атынан жалға алынған автотұрақтардың жерлерін "Алматы паркингке" беретін боламыз. Жиналған қаражат Алматы бюджетіне түсіп отырады. Сіздің мәселеңіздің анық-қанығын тексереміз. Жер қатынастары басқармасы арқылы жердің мәртебесін анықтап, қалалық Мобильділік басқармасынан не істеуге болатынын білеміз. Ары қарай бизнесті тексеруге мораторий жарияланғанына қарамастан, мен Мемлекеттік кірістер департаментінен прокуратурамен бірлесіп салық төлеу және өзге де мәселелерді пысықтауды сұраймын", - деді Ерболат Досаев.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны