20.10.2022, 13:41 34166

Алматы қаласының Бостандық ауданында коммуналдық желілердің жартысынан астамы тозған

Жыл басынан бері инженерлік желілерде 671 апат болды.
Алматы. 20 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Инженерлік желілердің жоғары деңгейде тозуы аудандағы негізгі мәселенің бірі, ол 55%-дан асады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері инженерлік желілерде 671 апат болды.
 
Орбита, Алмагүл шағын аудандарында, Жароков – Сәтбаев – Назарбаев – Әл-Фараби, Розыбакиев – Мыңбаев – Тілендиев - Тимирязев көшелерінің бөлігінде және Ерменсай шағын ауданында сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша апаттар жиі болып тұрады.
 
Бұған дейін Қазақстанның кейбір қалаларында электр желілерінің тозу деңгейі 80%-ға жеткені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны