09.12.2022, 14:15 23406

Алматы билігі 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын дайындады

Алматы билігі 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын дайындады
Бюджет 1,2 триллион теңгеден асады, оның 44%-ы әлеуметтік салаға бағытталады

Алматы. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы билігі қаланың 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын дайындады. Келесі жылға арналған бюджеттің жалпы сомасы 1 трлн 258,2 млрд теңгені құрайды. Оның 44%-ы (553,3 млрд теңге) әлеуметтік бағыттағы шығыстарға тиесілі, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде:

  • білім беру саласына, оның ішінде мектептер мен балабақшалар құрылысына 416,5 млрд теңге;
  • денсаулық сақтау саласына - 31 млрд теңге;
  • халықты әлеуметтік қолдауға - 49,6 млрд теңге;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына - 155,5 млрд теңге қарастырылған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, Алматының жалпы өнімінің өсуі 4,3% деңгейінде немесе 17,8 трлн теңгеге, 2023-2024 жылдары - 4,4% (20,2 трлн теңге), 2025 жылы - 4,5% (24,2 трлн теңге) деңгейінде күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі Мәслихат сессиясында Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада сумен жабдықтаудың жаңа магистралі салынып, жарты миллион тұтынушы үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіледі деп уәде еткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны