07.04.2023, 10:25 28446

Алматы әуежайының коммерциялық үй-жайлары мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы әуежайының коммерциялық үй-жайлары мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы әкімдігіне меншік құқығын тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде

Астана. 7 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғанын анықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы.
 
Ведомствода айтылғандай, 2003 жылы "Имсталькон" АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті.
 
Сонымен қатар, ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағаны белгілі болды.
 

Әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А. Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмлелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі а.ж. 13 наурызында күшіне енді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Бүгінгі таңда соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ бойынша, ал Әділет департаментімен объектілерді мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны