06.04.2021, 20:53 9786

Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөнделеді

АЛМАТЫ. 6 СӘУІР - Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөндеу жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны құрылды, 16 бригада және 45 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы (ойылған жерлерді) жөндеу үшін 250 мың м2 асфальтбетон жабындысы төселеді және 40 аялдама қалталарын, алаңдарды ретке келтіру жоспарлануда. Қазіргі кезде ағымдағы (ойылған жерлерді) жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральды көшелерде жүргізілуде, кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерге ауысатын болады. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аудандық әкімдіктердің өтініштері, ПД ЖПБ-ның, Open Almaty және т. б. берген ұйғарымдары бойынша анықталған жағдайда тұрақты жүреді", - деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасында.

 
Жылдың қысқы кезеңінде көше-жол жабынындағы ақаулар суық асфальтбетон қоспасын төсеу арқылы уақытша жөнделеді, кейін көктем-жаз маусымында ыстық асфальтбетон төселеді, қоспаның орташа тәуліктік температурасы +10, құрғақ негізде іске асады.
 
Басқарма деректері бойынша, жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096,8 шақырым, көше саны — 2746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көшелер — 385, олардың ұзындығы 1150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көшелердің саны — 2361, олардың ұзындығы 1946,8 шақырым.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны