21.04.2023, 12:51 36616

Алматыда газбен жанатын жаңа ЖЭО-ның құрылысы жазда басталады

Қазақстанда жаңа энергетикалық компания құрылды
Алматы. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыдағы газбен жанатын жаңа ЖЭО-2-нің құрылысы биыл жазда басталады. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Серік Түйтебаев "Самұрық-Қазына" қоры Қоғамдық кеңесінің отырысында айтты.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Алматы ЖЭО-2 алаңында жабдықтарды жеткізу, жаңа газ станциясын жобалау және салу бойынша мердігер айқындалатын болады.

Электр энергетикалық холдинг басшысының айтуынша, ашық халықаралық тендердің бірінші кезеңі барысында 6 өтінім келіп түсті. Оның ішінде екінші, қорытынды кезеңге 2 өтінім (компания) өтті. ЕРС-мердігерді таңдау бойынша халықаралық, екі кезеңдік конкурс Еуропа Қайта құру және Даму банкінің ережелеріне сәйкес өткізіледі. EPC-мердігерді таңдаудың техникалық сипаттамасы мен EPC-келісімшарт жобасы FIDIC (Халықаралық инженер-консультанттар федерациясы) "сары кітабы" бойынша әзірленді

Серік Түйтебаевтың айтуынша, тендердің жеңімпазы ағымдағы жылдың екінші тоқсанында анықталады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2023 жылдың тамызына болжанып отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны