04.07.2024, 13:27 17691
Алматыда туристердің болуы арқасында қанағаттанушылық индексі 9,8%-ға өсті
Достарға айту
Алматыда туристердің жаһандық қанағаттаншылық индексі (GTPI)9,8% - ға артып, 76,61-ге жетті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Туристік ерекшеліктеді талдау олардың көпшілігі Алматыға таулар мен табиғат үшін келетіндігін көрсетеді (43%). Өнер екінші орында (21%), белсенді өмір салты - 17%. Азық-түлік пен сауда сәйкесінше 5% және 3%-ды құрайды. Туристер Еуропа мен Азияның ұлттық тағамдарын да, гастрономиялық артықшылықтарын да тамашалай алады, бұл әрбір келушіге өз талғамына сай бірегей ұсыныс табуға мүмкіндік береді.
Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында Алматыда билеттерді брондау 69 мыңға дейін өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 53,1% - ға артық. Туристердің көпшілігі жалғыз немесе екеу болып келеді, олардың қалада болуының орташа ұзақтығы 4-тен 7 күнге дейін. Брондау статистикасы бойынша Түркиядан келгендер 24,3 мың (+32,5%), одан кейін Оңтүстік Корея мен БАӘ көш бастап тұр.
Алматы бағыты бойынша билет іздеудің белсенді өсуі Үндістан, Қытай және Түркиядан да байқалады. Mastercard мәліметтері бойынша, билеттерді белсенді түрде іздейтін әрбір миллион тұрғынға 526 адам келеді, бұл бұрнағы жылдан 172 адамға көп, ал билеттерді іздеу саяхақа дейін 84 күн бұрын басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.07.2024, 17:15 9271
Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті
Достарға айту
Қытай Қазақстаннан 20 мың тонна шошқа етін импорттауға ниетті, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы аясында Қытай ет қауымдастығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы "EMC Agro" өнеркәсіп кешенінде болды.
Қонақтарға мал союдан бастап одан әрі ішкі нарыққа шығару үшін өлшеп-орауға дейінгі барлық өңдеу циклі көрсетілді. Бүкіл процесс автоматтандырылған және халықаралық санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкес келеді. Сапаны бақылауды тәулік бойы неміс анализаторларымен жабдықталған зертхана қамтамасыз етеді. Дайын өнім арнайы мұздатқыш цехта сақталады.
Кәсіпорынның жұмысымен танысқаннан соң, тараптар ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қытай ет қауымдастығы жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде, "EMC Agro" компаниясының өнеркәсіптік кешені Қытайға шығарылатын өнімнің 60% -ға жуығын жеткізуге дайын.
Қазақстан - мүмкіндіктерге толы ел. Бүгінде Қытай ет қауымдастығына кіретін компаниялардың бірі жергілікті кәсіпорыннан шошқа етін сатып алуды жоспарлап отыр. Әңгіме жылына 20 мың тонна туралы болып отыр. Бірақ біз қой мен сиыр етіне де мүдделіміз. Сондай-ақ қазақстандықтарға мал шаруашылығын дамытуда және ірі және ұсақ мал етін Қытайға экспорттауда көмек көрсету үшін өз тәжірибелерімен бөлісуге дайынбыз", - деп атап өтті Қытай ет қауымдастығының сиыр етін импорттаушылар және экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн.
Қытайлық бизнес-қоғамдастық өкілдері бірлескен перспективалы жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үмітті. Қытайдың талаптары жоғары екенін түсіну керек. Жеткізу көлемі тұрақты, шикізат қауіпсіз болуы тиіс. Біздің етіміз жоғары сапалы, біз өз өнімімізге күмән келтірмейміз, жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз. Көрші нарық біз үшін маңызды", - деді өз кезегінде "ЕМС Аgro" компаниясының басшысы Ержан Елеубаев.
Айта кету керек, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнеркәсібі мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлердің алдына азық-түлік қауіпсіздігімен қатар зауыттардың өндірістік базасын кеңейту, қазақстандықтарды сапалы өніммен, ал инвесторларды үздіксіз экспортпен қамтамасыз ету міндетін қойды.
Қытай ет қауымдастығы ҚХР-дағы ет өндіру және тарату бойынша ең ірі ұлттық бірлестік болып табылады және оған 1300-ге жуық мүше кіреді.
Ал, "EMC Аgro" - Қазақстандағы ірі ет өңдейтін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын түпкі тұтынушы үшін жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіру мен жеткізуге және еліміздің ет нарығындағы сұранысты толық қамтамасыз етуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 мың тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2024, 17:13 16281
«Бәйтерек» Холдингі Қытай қаржы институттарымен 1,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға стратегиялық келісімдерге қол қойды
Достарға айту
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қытай қаржы институттарымен 1,5 млрд АҚШ долларынан астам сомаға стратегиялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Холдингінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 2 шілдеде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ және оның еншілес ұйымы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі және "жасыл" энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тарту бойынша жетекші қытай қаржы институттарымен бірқатар келісімдерге қол қойды.
Осы келісімдерге қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ел экономикасының негізгі секторларын тұрақты дамыту мен жаңғыртуды қолдауға бағытталған.
Холдинг атынан қол қойылған құжаттар:
China Construction Bank-пен ынтымақтастық туралы меморандум болды, ол 700 млн АҚШ доллары сомасындағы жобаларды қаржыландыруды көздейді.
China Нuadian Overseas Investment Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, бұл өзара қызығушылық тудыратын салалардағы инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндігін анықтайды.
Қазақстанның Даму Банкі" АҚ атынан құжаттарға қол қойылды:
Астанадағы Қытай құрылыс банкімен $500 млн сомасына ниет туралы келісім.
Қытайдың мемлекеттік даму банкімен $250 млн және 2 млрд юань сомасына негіздемелік келісім.
Ақмола облысында қуаты 220 МВт жел паркін салуға синдикатталған қарыз беру ниеті туралы келісім.
Қуаты жылына 1 млн тонна бидай өңдеу жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.
Құжаттарға қол қою ағымдағы жылы Қазақстан төрағалық етуші ел болып табылатын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті қарсаңында өткізіліп отырған Астанадағы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің аясында өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2024, 16:58 16476
2023 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1%-ға ұлғайды
Достарға айту
2023 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 7 612,8 млрд. теңгені құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды. Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 82,2%, шетелдік – 17,3% және мемлекеттік мекемелер – 0,5% орындады, деп хабарлайды QazStat.
Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлемі құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыстарына – 84,7%, күрделі жөндеу жұмыстарына - 7,6%, ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 7,7% келеді.
2023 жылы салынып жатқан объектілер түрлері бойынша ең көп үлес салмағын 51,1% - имараттар, 32,9% - тұрғын емес ғимараттар, 16%- тұрғын үй ғимараттары бойынша орындалған жұмыстар көлемі алады. Ең көп көлем құндық мәнде имараттар құрылысы бойынша байқалды - 3 893,7 млрд теңге және ең жоғарғы өсу 2022 жылмен салыстырғанда имараттар құрылысы бойынша белгіленді - 33,1%.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2024, 16:53 22796
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірқатар нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне телекөпір режимінде қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Іс-шара қатысушыларына Ұлы Жібек жолы бағытымен жүретін транзиттік рейс туралы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин жүк паромдарының қозғалысын іске қосты.
Содан кейін екі ел басшылары Қазақстанның Бейжіңдегі және Қытайдың Астанадағы мәдени орталықтарын салтанатты түрде ашты.
Бұл орталықтар екі мемлекеттің гуманитарлық ынтымақтастығын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Сондай-ақ достас екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған түрлі мәдени шаралар, көрмелер, дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған алаңға айналады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. Мұны айтулы оқиға деуге болады. Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің терең білім алуына және кәсіби тұрғыда өсуіне зор мүмкіндік береді және олардың тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді.
Бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуы мәдениет және білім салаларындағы өзара алмасуларды жандандыру, екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2024, 12:23 24171
Қазақ-қытай қатынастары бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді - Тоқаев
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін Си Цзиньпинге ризашылығын білдірді.
Сіздің сапарыңыздың мән-мағынасы өте зор, ерекше деп айтуға болады. Қытай Халық Республикасы – тату көрші, маңызды стратегиялық серіктес әрі басты одақтас мемлекеттің бірі. Берік достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатыр. Мен мұны үлкен қуанышпен атап өтемін. Сіз Қазақстан мен Қытайдың мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Мұны жоғары бағалаймыз. Екі елдің ынтымақтастығын халықтарымыздың игілігі үшін жаңа деңгейге көтеру қажет деген бастамаңызды толық қолдаймын. Бүгінгі басқосуымызды осының айқын дәлелі деуге болады", – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқан қазақ-қытай ынтымақтастығының жай-күйін жоғары бағалады.
Қытай – біз үшін тату көрші ғана емес, жақын досымыз әрі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Біз ортақ тарихтың, тату көршілік қатынастардың және өзара қолдаудың мызғымас құндылықтарына сүйене отырып, шын мәнінде үлгі етерлік мемлекетаралық қатынасты жолға қойдық. Жылдан-жылға өзара байланыстарымыздың мазмұны байып келеді", – деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2024, 17:42 28006
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 31,5 млрд АҚШ долларына жетті
Достарға айту
2024 жылғы 27-30 маусым аралығында Үрімші қаласында сауда-экономикалық миссия өтті. "QazTrade" АҚ ұйымдастырған іс-шараға май, ет өнімдері, макарон, кондитерлік өнімдер, балмұздақ, бал, шарап және трикотаж бұйымдары қоса алғанда, азық-түлік өнімдерінің 42-ден астам қазақстандық өндірушілері қатысты, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, ҚХР Коммерция вице-министрі Шэнь Цюпин және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар құттықтау сөз сөйледі. Сауда миссия шеңберінде Синьцзян өндірістік-құрылыс корпусының Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі комитеті мен "QazTrade" АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Торебаев Қытаймен өзара әрекеттестік - әлемдегі ең ірі инвесторлар мен жетекші экономикалардың бірі - Қазақстан үшін тұрақты прогрестің ұзақ мерзімді факторы болып табылатынын атап өтті.
2023 жыл біздің елдер арасындағы сауда үшін табысты болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесіне айналды, тауар айналымы 30%-ға артып, $31,5 млрд құрады.
2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 30% -ға артып, $31,5 млрд. құрады. Қазақстаннан Қытайға өнім экспорты 10%-ға артып, $14,7 млрд-қа жетті.
Қытай жағынан осы іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі серіктес Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының халықаралық сауда дамуына жәрдемдесу комитеті болды.
Қытайлық компаниялар қазақстандық өндірушілерге үлкен қызығушылық танытып, әрі қарай қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты орнату туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.
Сауда миссиясының қорытындысы бойынша май өнімдері, кондитерлік өнімдер және басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша $22,8 млн сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
Сауда-экономикалық миссияға қатысушылардың пікірінше, қазақстандық және қытайлық компаниялардың кәсіпкерлерінің кездесуі өзара түсіністік пен серіктестіктің дәстүрлі жоғары деңгейін көрсетті. Бұл біздің елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2024, 12:38 29756
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Достарға айту
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасыжәне негізін қалаушы Ю Вэйцзямен кездесуінде Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім болды. Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Интеллектуалдық IT-шешімдерді енгізу, логистикалық үдерістерді толық автоматтандыруға және жеткізілімдердің кедендік сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында тараптар электронды сауда және онымен байланысты салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Арман Шаққалиев Қазақстандағы электрондық сауда нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Қытайдың электронды сауда нарығы өзінің ауқымымен таң қалдырады, онда сатылымдардың 70%-дан астамы онлайн жүзеге асырылады. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуымен халықаралық электронды сауданың негізгі транзиттік аймағына айналуға ұмтылады. Қазпоштамен бірлескен Қазақстанда тарату орталығын құру жобасы трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді", - деді Қазақстанның сауда министрі.
YTO Express Co. басқарма төрағасы Ю Вэйцзя бұл жобаның бүкіл өңірді қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба екенін атап өтті. Компания бірқатар елде тағы 5 тарату орталығын салуды жоспарлап отыр.
Өткен жылы біз Алматы әкімдігімен белсенді ынтымақтастықты бастадық. Бұл екі ел экономикасының дамуына жаңа серпін беретін ұзақ мерзімді жоба. Ынтымақтастық негізі үшін Қытайда Шанхай, Нанкин және Ухань қалаларында 3 бондтық қойма аштық. Бұл жоба бүкіл аймақты қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба. Осы тарату орталығынан басқа, біз АҚШ, Бразилия, Тайланд, Будапешт және Дубайда тағы 5 орталық салуды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Ю Вэйцзя.
Қытай тарапы жобаны жақын арада іске асыруды көздеп отыр. Арман Шаққалиев Қазақстанның жоба аясында белсенді жұмысты жасауға дайын екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қоюға келісті.
Бұл жоба өңірде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2024, 12:35 28681
Қазақстан мен Қытай 'нергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады
Достарға айту
Олжас Бектенов қытайлық CNPC компаниясының басшысы Дай Хоулянмен энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға келген China National Petroleum Corporation (CNPC) Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесу өткізді.
Энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралды. Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі бірлескен жобаға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар жобаның ағымдағы кезеңін талқылап, нысанды уақытылы пайдалануға беру үшін жаңғырту қарқынын жеделдету ниетін растады.
Шымкент МӨЗ-ін кеңейтуді ескере отырып, зауытты шикізаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету және Кеңқияқ - Атырау, Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту шаралары қаралды. Қазіргі уақытта қазақстандық және қытайлық сарапшылар қажетті есептер жүргізуде.
Кездесу барысында Олжас Бектенов пен Дай Хоулян "Бейнеу - Бозой - Шымкент" газ құбырының бірінші желісін салу және іске қосу бойынша табысты жүзеге асырылған бірлескен жобаны мысалға ала отырып, газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективаларына тоқталды.
Үкімет басшысы бірлескен кәсіпорындар табысты әрі экономикалық жағынан тиімді екенін айтты. Сонымен қатар Премьер-Министр жергілікті тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы жергілікті қамту үлесін кезең-кезеңімен ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан да көптеген елдер секілді, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндет қойып отыр. Ең алдымен, бұл - мұнай өңдеу қуаттарын құру және жаңғырту. Біз Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Біздің барлық жобаларымызды іске асырудағы басымдықтардың бірі - жергілікті қамту мәселелері. Егер елімізде қажетті тауарлар немесе жабдықтар өндірілмесе, онда оларды жақын арада Қазақстан аумағында локализациялау мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынамыз", - деді Олжас Бектенов, Үкіметтің бірлескен жоспарларды іске асыруда ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екендігін растай отырып.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
04.07.2024, 13:25Екі жеке меншік субұрқақтың иесі оларды Алматының коммуналдық меншігіне беруге дайын 04.07.2024, 15:21 55496Үкіметте жемшөп өндірісін дамыту мәселелері талқыланды03.07.2024, 17:11 54211ҚТЖ-ның "Жасыл істер марафоны" акциясына 1,5 мың қызметкер қатысты04.07.2024, 17:20 Бозымбаев еліміздің батыс өңірлерін дамытудың шұғыл шаралар топтамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді53736Бозымбаев еліміздің батыс өңірлерін дамытудың шұғыл шаралар топтамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді04.07.2024, 17:24 53501Алматыда 1951 жылы салынған ескі ғимараттың орнына заманауи Оқушылар үйі ашылады
07.06.2024, 12:50 121316100-ге жуық құрылыс нысанын бұзуға қатысты талап арызды алматылық сот қарайды07.06.2024, 12:43 121301Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді21.06.2024, 16:04 112741Ақтөбеде жалған діни пансионаттар жабылды20.06.2024, 16:29 111896Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады21.06.2024, 15:50 111361500 млрд-қа жуық тиімсіз пайдаланылған қаражат: парламент Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті