01.04.2021, 22:57 15484

Алматыда жұмыртқа бағасы тіркелді

АЛМАТЫ. 1 СӘУІР - Алматы әкімдігінің қаулысымен 1 сәуірден бастап бірінші санаттағы жұмыртқаға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасы белгіленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы күнтізбелік 30 күн мерзімге он дана үшін 487 теңге мөлшерінде белгіленеді. Бұл шара нарықтағы өнім құнын тұрақтандыруға және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеуге бағытталған", - деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметінде.

 
Бұған дейін қарақұмық жармасы мен құмшекерге шекті бағаларды белгілеу 2020 жылдың соңында қалада бір килограмм өнімнің орташа құнын тиісінше 375 теңгеден 360 теңгеге дейін және 256 теңгеден 252 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
 
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Бағаның сақталуын бақылауды Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудандық әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырады. Бұзушылық 100 АЕК - тен (291 700 теңге) 200 АЕК-ке (583 400 теңге) дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - деп толықтырды әкімдік.

 
Бұған дейін Сауда министрлігі жұмыртқа бағасының өсу себептерін атады. Бағаның өсуінің негізгі себептері, Министрліктің ақпараты бойынша, 2020 жылы құс тұмауы салдарынан жұмыртқа өндірісінің 8,4%-ға қысқаруы болып табылады. Бағаның өсуінің екінші себебі - жемшөптің, оның ішінде жемдік астықтың қымбаттауы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны