09.01.2023, 14:39 22376

Алматыда жаңа электр қосалқы станциясы пайдалануға берілді

Алматыда жаңа электр қосалқы станциясы пайдалануға берілді
Сурет: gov.kz
Жаңа жобаны енгізу электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі

Алматы. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласында "Каскад" жабық типті қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Жобаның мердігері "Электрокабель" ЖШС болды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Жоба қаланың энергетикалық қауіпсіздігін және қалалық энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыруға, оның ішінде Алматы қаласында электр энергиясының тапшылығын шешуге бағытталған", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті.


Станцияда заманауи технологиялар қолданылды. Жабдықтардың басым бөлігі, атап айтқанда трансформаторлар, жиынтық тарату құрылғылары мен конденсаторлар Қазақстанда жасалған.

Сондай-ақ, станцияда Қытайда жасалған жиынтық тарату құрылғылары қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанның кейбір қалаларында электр желілерінің тозу деңгейі 80%-ға жеткені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны