05.05.2022, 17:10 20421

"АлматыЭнергоСбыт" және Екібастұз ГРЭС-1 жаңа басшылары тағайындалды

"Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС және "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС жаңа басшылары тағайындалды.
"АлматыЭнергоСбыт" және Екібастұз ГРЭС-1 жаңа басшылары тағайындалды
Сурет: esalmaty.kz
АЛМАТЫ. 5 МАМЫР - "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС және "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС жаңа басшылары тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Самұрық-Энерго" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-нің Бас директоры қызметіне Еділ Көпенов тағайындалды.
 
Оның соңғы лауазымы: "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС-нің бас директоры.
 
Сонымен қатар, Ержан Ертаев "Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.
 
Оның соңғы атқарған қызметі: "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Аппаратының басшысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны