12.09.2022, 14:50 12966

Алматының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасына 6,1 трлн теңге жұмсау жоспарлануда

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.
Алматының 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасына 6,1 трлн теңге жұмсау жоспарлануда
АЛМАТЫ. 12 ҚЫРКҮЙЕК - Алматыны дамыту бағдарламасын іске асыруға 6,1 трлн теңге жұмсалады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Әкімнің айтуынша, алдағы үш жылда мегаполисті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 1,3 триллион теңге, ал қалған 2 триллион теңгеден астам қаржы 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға тарту жоспарланып отыр.
 
Ол даму бағдарламасы 7 негізгі мақсатқа негізделгенін айтты: "Жайлы қалалық орта", "Тұрақты экономикалық өсу", "Бақыланатын урбанизация", "Әлеуметтік орнықтылық және тұрақтылық", "Жасыл Алматы", "Ақылды қала" және "Қауіпсіз қала".
 

Бұл – қалалардың жайлылық деңгейінің интегралды индексі, мұнда тұрғындардың өздері қаладағы өмір сүру жайлылығын 30-дан астам көрсеткіш бойынша бағалайды. Біз Алматыны осы индекстен өмір сүру жағдайлары жайлы мегаполис ретінде, бүкіл әлемнің озық технологиялары, инновациялары мен сапалы адами капитал үшін тартылыс нүктесі ретінде көргіміз келеді", - деді Досаев Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесуінде.


Алматы дамуының ағымдағы сын-қатерлері аталды.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны