21.04.2023, 11:28 27316

Алматының үш жылдық бюджеті 265 млрд теңгеге ұлғайтылды

Алматының үш жылдық бюджеті 265 млрд теңгеге ұлғайтылды
Сурет: Depositphotos
Қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады

Алматы. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мегаполистің үш жылға арналған нақтыланған бюджетін бекітті.

Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматыны дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптасқанын атап өтті.

Осы жылдың І-ші тоқсанында экономиканың қарқынды дамуы бюджетті нақтылауға негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ке өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1%-ке арттырды (барлығы 1 241,1 млрд теңге салық және міндетті төлемдер (132,1%), оның ішінде республикалық бюджет - 941,8 млрд теңге (139,3%), жергілікті бюджет - 299,3 млрд теңге (133,5%). Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд. теңге осы жылдың І-ші тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде", - деді қала әкімі.


Айтуынша, қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады.

Сонымен қатар Ерболат Досаев әкімдіктің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілгенін тілге тиек етті. Осы орайда, өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде және ағымдағы нақтылауды ескере отырып, 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеттері 60,4-тен 164,5 млрд теңгеге дейін 2,7 есе көбейеді. Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы - 56, 96-ы қалалық басқармалардан берілді.

Осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады", - деді Ерболат Досаев.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны