08.12.2022, 10:07 23521

АМӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жөндеу аяқталды

АМӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жөндеу аяқталды
Сурет: kmg.kz
Қондырғыларды жөндеу кезек-кезеңімен жүзеге асырылды, бұл тәсіл мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік берді

Атырау. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Атырау мұнай өңдеу зауытында 32 технологиялық қондырғыны жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Қондырғыларды жөндеу кезек-кезеңімен жүзеге асырылды. Бұл тәсіл мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік берді және отандық мұнай өңдеу зауыттарында алғаш рет қолданылды.

Жөндеу барысында катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлы, сыйымдылықты, коллонналық, жылуалмасу жабдықтары мен құбырларды тексеру мен куәландыру, насосты-компрессорлық, энергетикалық жабдықтар мен бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу, технологиялық пештерді тексеру жұмыстары жүргізілді, деп есеп берді ҚМГ.

Жоспарлы жөндеу кезінде зауыт 50-70%-ға тең қуаттылықпен жұмыс істеп, мақсатты өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастырды. Қазан-қараша айларында 581,4 мың тонна мұнай өңделді. Мұнай өңдеудің орташа тәуліктік көрсеткіші 9531 тоннаны құрады. Бұл зауыттың жобалық қуаттылығының 57%-на тең. Сондай-ақ мұнай өнімдерін шығарудың орташа тәуліктік көрсеткіші: 1570 тонна автобензин, 2 100 тонна дизельді отын, 120 тонна реактивті отын және 155 тонна сұйытылған газды құрады", - деді компанияның баспасөз қызметінде.


Естеріңізге сала кетейік, АМӨЗ жоспарлы жөндеу кезеңінде сұйытылған мұнай газын шығарудың төмендегені туралы алдын ала хабарлаған болатын. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының АМӨЗ-дегі жөндеу кезеңінде жанармай құю бекеттерінде автогаз тапшылығы байқалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны