01.12.2022, 11:22 21236

Қараша айында теңге 0,14%-ға әлсіреді

Қысқа мерзімді келешекте теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады
Қараша айында теңге 0,14%-ға әлсіреді
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қарашаның қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,90 теңгеге дейін 0,14%-ға әлсіреді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 121-ден 132 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай бағасы төмендегеніне қарамастан, валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан, көбіне, "тоқсандық салық аптасы" факторы есебінен теңгерілді", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.


Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айдың ішінде шамамен 500 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы дербес жүзеге асырады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату қарашада 70 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,4% және бір күнде кемінде 10 млн АҚШ доллары болды.

Ұлттық Қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық Қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді сарапшылар.


Қарашада Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операциялар жүргізбеді.

Сарапшылардың болжамы бойынша, қысқа мерзімді келешекте теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында теңге 1,7%-ға нығайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны