09.09.2022, 15:39 23141

Қарашығанақта мұнай өндіру жоспарлы жөндеуге байланысты тоқтатылады

Қарашығанақта мұнай өндіру жоспарлы жөндеуге байланысты тоқтатылады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл ақпаратты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.
 

12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарашығанақ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін мұнай өндіруді тоқтату жоспарланған", - деген ақпарат жарияланды бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында.

 
Осы орайда ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне растады.
 
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кеніші - дүние жүзіндегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі. 1979 жылы ашылған.
 
Қарашығанақ жобасы Қазақстан Үкіметі және Shell (қатысу үлесі 29,25%), ENI (29,25%), Шеврон (18%), Лукойл (13,5%) компанияларының альянсы мен "ҚазМұнайГаз" (10%) арасында жасалған түпкілікті келісім шеңберінде жұмыс істейді.
 
Ондағы мұнай қоры - 1,2 млрд тонна, газ қоры - 1,35 трлн текше метр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 3 тамызда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты қауіпсіз жолмен тоқтатылған.

Тамыз айының соңында Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 пайдаланудан уақытша шығару туралы хабарлады. Бұл ретте ВПУ-3 арқылы КҚК бойынша мұнай тиеу шектеусіз жалғасты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны