13.09.2022, 15:02 15656

Қаржы министрлігі: бюджет қаражатының аудиті 249 миллиард теңгеге бұзушылық анықтады

Ағымдағы жылдың 8 айында аудитпен 3,3 трлн теңгеге жуық бюджет қаражаты қамтылды.
Қаржы министрлігі: бюджет қаражатының аудиті 249 миллиард теңгеге бұзушылық анықтады
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Ағымдағы жылдың 8 айында аудитпен 3,3 трлн теңгеге жуық бюджет қаражаты қамтылды. 249 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаржы министрлігі басшысының ақпараты бойынша, жыл басынан бері 1 645 аудиторлық іс-шара өткізілді.
 

Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 236 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды", - деп нақтылады Жамаубаев.

 
Ол, сондай-ақ, осы жылдың 8 айында шамамен 8,7 трлн теңге сомасына дерлік 392 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылғанын айтты.
 

Тексеру қорытындылары бойынша 26 241 рәсімнің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93%-ы орындады", - деді ол.

 
Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 442 ұсыным берілді.
 
Сондай-ақ, Жамаубаев бюджетті игерілмеуі бойынша ең үлкен сомасы қалыптасқан министрліктер мен өңірлерді атады.
 

Республикалық бюджет бойынша 11,7 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 60 млрд теңгені құрады, оның ішінде 11 млрд теңге үнемделді. Игерілмегені – 49 млрд теңге", - деп нақтылады Премьер-Министрдің орынбасары.

 
Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары, оның айтуынша, ішкi iстер, қорғаныс, төтенше жағдайлар және оқу-ағарту (ғылым және жоғары білім) министрліктерінде қалыптасты. 
 
Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемдердің нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілуі, есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауы.
 

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 155 млрд теңге. Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 1,9 трлн теңге бөлінген. Оның 95,6%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 85 млрд теңге, оның ішінде 7 млрд теңге үнемделден, 78 млрд теңге игерілмеген", - деді спикер.

 
Сонымен қатар, Жамаубаев ең көп игерілмеу Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында қалыптасқанын атап өтті.
 

Игерілмеудің негізгі себептері: жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну", - деп түсіндірді министр.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ды құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны