19.05.2022, 16:17 20106

Қаржы министрлігі кедендегі заң бұзушылықтан келген миллиардтаған шығынды бюджетке қайтаруға уәде берді

Қаржы министрлігі кедендегі заң бұзушылықтан келген миллиардтаған шығынды бюджетке қайтаруға уәде берді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Кеден саласына келтірілген шығындар бюджетке толығымен қайтарылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті. 
 
Бүгін Сенатта тілшілер Қаржы министрінен кедендегі заңсыздықтардан мемлекетке келтірілген 165 млрд теңге көлеміндегі шығынға қатысты сұрақ қойды. Сонымен қатар бұл заңсыз әрекеттерге кімдер жауапты екені сұралды. 
 

Қазір кеденге түсетін салық қаражаты артып келеді. Атап айтқанда, биыл Қаржы министрлігі 165 млрд теңге көлемінде келтірілген шығынды бюджетке қайтаруға барлық күш жігерін салады. Биылғы жоспарымызда оның орнын толығымен толтырамыз", - деді Е. Жамаубаев. 

 
Дегенмен, министр кеден саласындағы заңсыздықтар бойынша кімдер күдікке ілінгенін нақтылап айта алмады. 
 

Бұл деректерді арнайы комиссия тексерген. Комиссия Бас прокуратураның жетекшілігімен құрылған. Сондықтан осыған қатысты мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Бұл тұрғыда тауарларды әкелген кезде салық немесе баж салығын толығымен төлемеу фактілері тіркелді. Осы орайда сол қаражатты қайтару бөлігінде тиісті жұмыстар жүріп жатыр", - деді ол. "

 
Көбінесе жалған кәсіпкерлік ұйымдастырылған және бұл фирмалар жабылып қалған. Қазір оларды анықтау жұмыстары атқарылып жатыр", - деді Ерұлан Жамаубаев.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік кірістер комитеті Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексеру жүргізді . 
 

Үш жыл ішіндегі бұзушылықтардың жалпы сомасы - 165 млрд теңге. Бұдан басқа, 398 млрд теңгеге жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру белгілері бар. Алдын ала шығын сомасы – 128 млрд теңге. Материалдар қылмыстық іс қозғау мәселесін қарау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Сонымен қатар 151 импорттаушының жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру белгілері бойынша материалдары қаржы мониторингі агенттігіне жіберілді", - делінген комитет хабарламасында.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны